«Ергөбек негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. "Балауса"бастауыш бірлестігінің 01.04-30.04.2025ж. Аралығында өткізіліп жатқан" Бастауыш білім-болашаққа баспалдақ "атты айлық іс-шарасының жұмыс жоспары негізінде. 4" Ә"сынып жетекшісі Жунисбаева Перизат Әдебиеттік оқу пәнінен "Ғарыш жолы жалғасады" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты-кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалайды. Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды. Сабақ барысында түрлі тиімді әдіс-тәсілдер, топтық және жұмыс түрлері қолданылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде байқалды. Сабақ оқу бағдарламасына сай ұйымдастырылып, қойылған оқу мақсаттарына толықтай қол жеткізілді.