28 қазан. Отырар ауданының білім бөліміне қарасты “Ергөбек” негізгі орта мектебінде оқушылардың күзгі демалыс күндері (28.10-04.11.2024 жыл аралығында) бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектепішілік атқарылатын іс-шаралар жоспары түзілді.
Мақсаты - күзгі каникул кезінде балалардың ұйымдасқан демалысына жағдай жасау, физикалық, рухани - адамгершілік, эмоционалдық денсаулықты нығайту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жоспарға сәйкес оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында ҚББП мен үйірме жетекшілер оқушыларымен “ Спорт - денсаулық кепілі” тақырыбында сайыс өтілді. 6 кезең бойынша сайысып, өнер көрсетті. Жылдамдық пен шапшандық танытқан қатысушылар жеңіске жетіп, марапатталды.
ҚББП: Ж. Полатова
Үйірме жетекшілер: Зарлыханов Берік
Тиметов Қанат