«Ергежейлілер еліне саяхат » ӘҢГІМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ
«ОҚИТЫН СЫНЫП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «Ергежейлілер еліне саяхат » ӘҢГІМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ
2026 жылғы 17 қыркүйекте Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Ергөбек негізгі мектеп» КММ-де «Оқитын сынып» жобасы аясында 4-сынып оқушылары арасында балалар әдебиетінің жазушысы «Б.Соқпақбаевтың» әңгімесіне арналған дөңгелек стол өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар шығарманың мазмұнымен танысып, Ергежейлілер елінің қалай өмір сүрумен , түрлі оқиғаларын талқылады. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, түрлі сұрақтарға жауап берді және шығармашылық тапсырмалар орындады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, шығарманы талдау арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту және кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту.