Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ергөбек негізгі орта мектеп »

«Ергөбек негізгі орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектеп асханасындағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракераждық комиссияның мониторинг

жүзеге асыру бойынша құрам мүшелері тексеру жұмысын жүргізілді .

29.01.2026 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мектеп директорының 2025 жылғы 29 тамыз № 151 бұйрығы негізінде 2025-2026 оқу жылында «Ергөбек негізгі орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектепте жалпы 126 оқушы білім алып жатыр. Мектеп асханасында 1-4 сынып аралығында 55 оқушы, 5-9 сынып аралығында 11 оқушы ,жалпы саны 66 білім алушы тамақтануда.

Мектеп асханасында білім алушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасын, қауіпсіздігін және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында брокераж комиссиясы тарапынан жоспарлы тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында:

- дайын тағамдардың сыртқы көрінісі, дәмі мен иісі;

- тағамдардың температуралық режимі;

- тағам дайындауда қолданылатын өнімдердің жарамдылық мерзімі;

- асханадағы санитарлық тазалық жағдайы;

- тағам дайындау және тарату талаптарының сақталуы толықтай қаралды.

Тексеру нәтижесінде ұсынылған тағамдардың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетіні анықталды. Тағамдар белгіленген мәзірге сай дайындалған, дәмдік сапасы қанағаттанарлық, бөгде иіс пен дәм байқалмады. Өнімдердің жарамдылық мерзімі сақталған.

Сонымен қатар, асхана қызметкерлерінің жеке гигиенаны сақтауына, арнайы киімдерінің тазалығына және асхана аумағының санитарлық жағдайына бақылау жасалды. Анықталған елеулі кемшіліктер тіркелмеді.

Комиссия мүшелерінің шешімі: Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай. Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтану мектеп медбикесі, кезекшілік мұғалімдер, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын. Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.