“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Бақытжан Қапалбайұлы мен Ерденова Динара құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және ұялы телефон арқылы құмар ойындар ойнаудың алдын алу мақсатында 5-9 сыныптарға түсіндіру жұмыстары жасалып, жиналыс өткізілді.