Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Ергөбек” негізгі орта мектебінде көктемгі каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1-9 сынып оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен түсіндіру жиналысы өткізілді.

Облыстық білім басқармасының 2026 жылғы №25/1235 хатына сәйкес, “Ергөбек” негізгі орта мектебінде көктемгі каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1-9 сынып оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен түсіндіру жиналысы өткізілді.

📌 ұйымдастырылған жиналыста көктем мезгілінде орын алуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиналыс барысында: – балалардың терезеден құлауының алдын алу;

– жол-көлік оқиғаларынан сақтану;

– көміртегі тұтығымен уланудың алдын алу;

– жауын-шашын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;

– түнгі уақытта ата-анасының (заңды өкілінің) рұқсатынсыз бей-берекет жүрудің алдын алу мәселелері түсіндірілді.

🌙 Ораза айында «Қадір түні», «Тарауих намазы», «Жарапазан» кезінде кешкі мезгілде балалардың бей берекет жүруіне жол бермеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектебіміз үшін әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі – басты назарда!