"Ергөбек негізгі орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ұшқыр ой"алаңының дебат үйірмесінде оқушылар арасында "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік"тақырыбы аясында пікірсайыс өтті.Бұл шараның мақсаты- оқушылардың сыни және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізуге және дәлелді пікір білдіруге көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. Пікірсайыс барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыға салып, "Үкімет", "Оппозиция"
тобы өз көзқарастарымен қорғап шықты.Оқушылардың ой ұтқырлығы және команданың ұйымшылдық қасиеттері жоғары деңгейде көрінді.Ой ұтқырлығымен сөздік қорына сәйкес "Үкімет"тобы жеңіске жетті.Қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.Мұндай іс- шаралар жас ұрпақтың тәрбиелік ұстанымын қалыптастырып қоғамда белсенді жауапты тұлға болып өсуіне жол ашады. Дебатты ұйымдастырған "Ұшқыр ой" дебат клубының жетекшісі Арын Гүлдинаға алғыс білдіреміз !!!





