"Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың ақпараттық коммуникациялық технология жөніндегі орынбасары
Бегалиев Жеңіс 7 -сынып оқушыларымен информатика пәнінен “Электронды кестелердің элементтерін пішіндеу" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасады. Оқушылар айналмалы барабан арқылы сұрақтарға жауап беріп, презентациядағы кестелер
арқылы кесте сызуды үйренді. Сабақ түрлі қызықты әдістермен өз мақсатына жетті.