Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Дублёр күні"

“Ергөбек” негізгі орта мектебінде 2024 жылдың 24.09 күні Ұстаздар күніне арналған «Дублёр күнін» өткізуге дайындық барысын байқау мақсатында мектеп директорының тәрбие орынбасары М. Бейсенгір өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен жиналыс өткізді. Сабақ беретін оқушылар мен жетекшілік ететін пән мұғалімдеріне бағыт - бағдар берді.

«Дублёр күнінің» мақсат-міндеттерімен таныстырды.

1. Ұстаздар күніне арналған «Дублёр күні» оқушылардың өзін-өзі басқару күнін (бұдан әрі – Дублёр күні) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу нысаны мен тәртібін анықтайды.

2. Мақсаты: оқушылар мен педагогтердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың әлеуметтік құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдай жасау.

3. Дублёр күнінің міндеттері:

1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепте өзін-өзі басқару қызметіне тарту;

2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;

3) барлық сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту;

4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

5) білім алушылардың бойына жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;

6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;

7) білім беру үдерісінің кері байланысының жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру үдерісінің жай-күйін кешенді бағалау.

4. Дублёр күні жылына кемінде бір рет өткізіледі. Дублёр күнін өткізу мерзімі – Ұстаздар күні қарсаңында.

5. Дублёр күнін ұйымдастырушылар – мектеп парламенті және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы.

6. Өзін-өзі басқару күнін өткізу нысаны – іскерлік (рөлдік) ойын.

7. Дублёр күніне қатысушылар:

педагогтер мен әкімшілік дублёрлері – 5-9 сынып оқушылары;

білім алушылар – 2-9 сынып оқушылары;

бақылаушылар – педагогтер мен әкімшілік.

8. Мектептің баспасөз орталығы Дублер күнінің барлық оқиғаларын суретке, бейнеге түсіріп, мектеп газетіне, фильмге және мектепте өзін-өзі басқару күніне арналған презентацияға материалдар дайындайды.