Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

" Деннің саулығы, жанның саулығы"

Түркістан облысы

Отырар ауданы

“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша, қосымша білім беру педагогы Ж.Полатованың іс- жоспарына сай спорттық үйірме жетекшілері Қ.Тиметов пен Б.Зарлыхановтың ұйымдастыруымен " Деннің саулығы, жанның саулығы" тақырыбында спорттық жаттықтырушылармен достық кездесу болып өтті. Іс - шараға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, "Белбеу " күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы Тұрмаханбет Қалмұқан, Қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төреші Жарасов Азамат, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бойрабай Ерқанат қонаққа келіп оқушылармен ой бөлісті.

Мақсаты:

1. Оқушылар мен жаттықтырушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

2. Спорттың маңызы мен дене тәрбиесінің өмірде алатын рөлін түсіндіру.

3. Спортқа деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

4. Жаттықтырушылар мен спортшылар арасындағы түсіністік пен құрметті қалыптастыру.