Түркістан облысы,
Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-нің 17.02.2026ж күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ақпан айы «Жасампаздық және жаңашылдық» айы бойынша оқушылар арасында «Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», «Өз - өзіне қол жұмсау», «Құмар ойын», «Нашақорлық», «Алаяқтық» қылмысының алдын алудағы тақырыбындағы кездесу өтті.
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:
1. «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық және нашақорлық, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы лудомания мен буллинг зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары туралы»
Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ-нің инспекторы полиция лейтенанты: Б.Қапалбайұлы
6-9 сынып оқушыларының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық, “Буллинг пен кибербуллинг”, «Нашақорлық», «Алаяқтық» қылмысының алдын алудағы тақырыбындағы қысқаша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп бейне ролик көрсетіліп баяндама оқылды.
«Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», тақырыбына келетін болсақ буллингтің басты ерекшелігі ол кездейсоқ бір реніш емес, қайталанатын, әдейі жасалатын қысым. Оның мақсаты жәбірленушіні қорқытып, өзіне бағындыру немесе төмендету. Қысқаша айтқанда, буллинг бұл қорқыту арқылы үстемдік жүргізу. Қазіргі уақытта бұл жаман індет жастардың ортасында әсіресе, мектеп оқушыларында белең алған.
Кибербуллинг адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпай қалатындығы жөнінде айта өтті.





