Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Бірлік, ынтымақ, достық»

«Бірлік, ынтымақ, достық»

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, «Ергөбек» негізгі орта мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, «Бірлік, ынтымақ, достық» тақырыбында сынып жетекшілер сынып сағатын өткізді.

Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне мағлұмат беру, оқушыларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету, басқа ұлт өкілдерімен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар бірлік пен бейбітшілік, әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу жөнінде ой бөлісті. Кітапханашы достыққа, ынтымаққа арналған кітаптар көрмесін ұйымдастырып, оқушыларға таныстырды.