Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Бір тартып көрудің зияны жоқ?» – дұрыс па, бұрыс па?

“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәлімгері Н.Сералының ұйымдастыруымен «Бір тартып көрудің зияны жоқ?» – дұрыс па, бұрыс па? тақырыбында дебат болып өтті.

⌛️Бүгінгі күні жастар арасында жиі айтылатын осы бір сөздің астарында қандай шындық жатыр? Бір рет байқап көру шынымен қауіпсіз бе, әлде бұл үлкен қателіктің бастауы ма?

Қатысушылар осы өзекті тақырыпты жан-жақты талқылап, өз пікірлерін дәлелдермен қорғады. Бір тарап «бір реттен ештеңе болмайды» деген ойды алға тартса, екінші тарап оның адам өміріне тигізер зиянын нақты мысалдармен көрсетті.