БІЛІМ КҮНІ – 2025-2026 оқу жылының алғашқы қоңырауы
Отырар ауданы,
“Ергөбек “ негізгі орта мектебінде
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар, ата-аналар шақырылды.
Жиын барысында мектеп директоры К. Алипбеков. 2025-2026 оқу жылындағы жетістіктерге тоқталып, оқушыларды, ұстаздарды және 1-сыныпқа келген бүлдіршіндерді ата-аналарымен бірге “Білім күні” мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ жиынға аудандық білім бөлімінің өкілі Амангелдиев Бақыт, “Көксарай ауыл” округінің әкімінің орынбасары Д. Қайыпназарұлы, “Аталар кеңесінің” төрағасы Ә, Тасқараев, ауылымыздың ардагер ұстазы Бейсенбай Шертай ағайлар қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер ұстаз бен мектеп жайлы ән-жырларын арнап, алғашқы қоңырау соғылып, 2025-2026 жаңа оқу жылы ресми басталды.
Білім күні құтты болсын!
Қымбатты балалар!
Мерейлі мекенге қош келдіңіздер!