Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Бастауыш білім – болашаққа баспалдақ"

“Ергөбек” негізгі орта мектебінің “Балауса” бастауыш бірлестігінің 01.04–30.04.2025 ж. аралығында өткізіліп жатқан "Бастауыш білім – болашаққа баспалдақ" атты айлық іс-шарасының жұмыс жоспары негізінде 3 "Ә" сынып жетекшісі Дербисбаева Гүлмира Әдебиеттік оқу пәнінен "Таза бұлақ" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты – оқушыларды көркем мәтін арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа және тазалықты сақтауға тәрбиелеу, оқушының сөйлеу, ойлау, түсіну қабілеттерін дамыту болды. Сабақ барысында түрлі тиімді әдіс-тәсілдер, топтық және жеке жұмыс түрлері қолданылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде байқалды.

Сабақ оқу бағдарламасына сай ұйымдастырылып, қойылған оқу мақсаттарына толықтай қол жеткізілді.