Ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап көрсету, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Бала қауіпсіздігі -қоғам келешегі» тақырыбында ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде "Ергөбек" негізгі орта мектебінде ата-аналарының жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
Интернеттегі қауіптер;
шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар
Қазіргі кезде смартфонда баланың өміріне қауіп төндіретін ойын таралып жатқанын , сол ойынға кіріп, балалар арасында қайғылы жағдайлар орын алып отырғанын хабарлады. Ата- аналар үйде баласының смартфонын тексеріп, ойынға тіркелгенін , тіркелмегенін бақылап отыруларын ескертті. Мектепке білім алушылардың телефон алып келмеулерін, қадағалауды оның ішінде түрлі сайттарға кірмеулерін бақылауда ұстау керектігін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша жауапты мамандар жұмыстар жүргізіп, ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналармен кері байланыс жүргізілді.