"Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарашы айының 29- күні " Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын - алу " тақырыбында педагогтарға тренинг өткізілді.
Тренинг мақсаты:
Педагогтарды аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу процесінде маңызды рөл атқаруға бағыттау, оқушылармен жастар арасында өзіне зиян келтіретін мінез-құлықтың себептерін түсіну және онымен күресу әдістерін үйрету болатын.
Тренинг барысында педагогтар аутодеструктивті мінез-құлықтың себептерін анықтап, педагогтардың рөлі мен жауапкершілігін сезінді.
Педагогтар арасында ақпараттық алмасу және бірлескен әрекет ету дағдылары қалыптасты.