12.02.2025 жылы "Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша "Біртұтас тәрбие" бағдарламасына сай , 5 - сынып жетекшісі Жанзақова Айткүл мен педагог ұйымдастырушы Садуахас Назеркенің ұйымдастыруымен 5 - сынып оқушыларына "Ауғанның отты жалыны" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сабағында оқушылар әдеби монтаж, өлеңдер айтылды. Мәтхан Бекарыс "Қазақ жастары", Жолдасбек Ақбөпе "Қазағым" әнін жоғары деңгейде орындап шықты. Қыздар мың бұралып орыс халқының биін биледі. "Ауған соғысынан аман қайтқан солдат" атты көрініс көрсетілді. Тәрбие сабағы жоғары деңгейде өтті.