“Ергөбек негізгі орта мектеп” базасында “Қарасөз-қазынасы” үйірме жетекшісі Ж.Абуованың ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштікке, елін қорғауға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында Ауған соғысы туралы тарихи деректер айтылып, ардагерлердің өмір жолы мен ерлігі туралы сөз қозғалды. Оқушылар тарапынан патриоттық өлеңдер оқылып, әскери-патриоттық әндер орындалды. Сонымен қатар, соғыс ардагерлерінің естеліктері тыңдалып, олармен сұхбат ұйымдастырылды.
Іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып, Отан алдындағы борыш, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруға бағытталды. Қатысушылар ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.





