«Ата көрген оқ жонар...»
“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6-сынып жетекшісі Полатова Жаннаның ұйымдастыруымен 6-сынып окушыларының қатысуымен
2 қазан күні «Атамен бір күн» акциясы өтті.
Бұл бастаманың басты мақсаты — жастар арасында үлкенге құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Үлкеннің батасын алып, өмірлік тәжірибесін тыңдау — әрбір жас үшін үлкен мектеп. Аталарымыздың даналы сөзі мен ақылы — біздің жолымызды жарық ететін шамшырақ.






