Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ата Заң-асыл мұраттар бастауы»

«Ата Заң-асыл мұраттар бастауы»

Биыл Қазақстан халқы еліміздің басты құқықтық құжаты – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай тарих пән мұғалімі Д.Өмірбай баяндама оқып, мұғалімдерге түсіндірме жасады.

1995 жылы 30 тамызда референдум өтіп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ата заңның тарихы 1993 жылдан басталады. Ал қазіргі қолданыстағы екінші Конституция 1995 жылы қабылданған еді. Бүгінге дейін Конституцияға 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары өзгерістер енгізілді. Ата заңымызға соңғы өзгертулер мен толықтырулар 2022 жылы 5 маусымда өткен жалпыұлттық референдум арқылы қабылданды. Нәтижесінде Конституцияның 33 бабына бірнеше өзгеріс енгізілді. Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Бұл мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі. Бұл құжат ғасырлар бойғы армандар мен ұлттың рухани мұраттарының заңды көрінісі болды.