Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ата кәсіп- берекенің бастауы»

«Ергөбек негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Даналық мектебі» клубының «Ата өсиеті» секциясы бойынша «Ата кәсіп- берекенің бастауы» тақырыбында 8-сынып жетекшісі Өмірбай Динараның ұйымдастыруымен аталармен кездесу кеші өткізілді. Кешке мектебіміздің оқушылары аталарымен ағаларымен қатысты. Сынып жетекшісі Өмірбай Динара оқушыларға Мамандық таңдауға 7 кеңес айтып түсіндірді.Бұл кеште әкелер мен балалар ата кәсіптің маңыздылығы, оның заманауи қоғамдағы рөлі, кәсіпкерліктің отбасыдағы орны және ұлттық дәстүрді сақтаудағы маңызы, қазіргі таңда ең қажетті мамандықтар туралы ой бөлісті. Жағдаяттық тапсырмалар орындап, сұрақтарды талқылады.Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, қолөнер, сауда сияқты ата кәсіптердің бүгінгі даму мүмкіндіктері талқыланды. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың өз ата-аналарымен тығыз байланыс орнатуына ықпал етеді. Сондай-ақ, жастардың еңбекқорлығын дамытып, болашақ кәсіп таңдауда бағыт-бағдар береді.Кешке қатысқан аталарымызға үлкен рақмет айтып, Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» дегендей, мамандық таңдау өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау екенін ұмытпайық!