Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша “Біртұтас тәрбие” бағдарламасына сай, ұлттық ойын мен өнерді дәріптеу мақсатында ұйымдастырушы педагог Н.Садуахас пен үйірме жетекшісі Б.Зарлықановтың ұйымдастыруымен “Асық ату” сайысы болып өтті. Сайыс екі топқа бөлінді. Нысанаға дәл түсу, Қашықтыққа ату, Көп асық жинау шарттары бойынша жарысты, өнер көрсетті. Жетістікке жеткен оқушылар марапатталды.