Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ас – адамның арқауы

«Ас – адамның арқауы» тақырыбында ата аналардың қатысуымен ыстық тамақтың даярлануымен берілуі.

«Ергөбек негізгі орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2024-2025 оқу жылында 1-4 бастауыш сыныптарда 59 оқушы тамақ ішеді. «Ас – адамның арқауы» тақырыбында 19 желтоқсан күні оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу кезінде 4а-ә сынып ата-аналары өз балаларының қаншалықты тамақты ішетінін және тамақтың сапасын,құрамын көру мақсатында қатысты.

Мектеп асханасының 1-4 сынып білім алушыларын ыстық тамақпен қамтылуы 100 % тамақ даярлау кезінде болған азық түлікті қалай ,қаншалықты пайдаланатынын көрді.

Ата-аналар балаларына беріліп отырған тамақтың сапасына көңілдері толды.Барлық ата-аналар мектеп асханасының ыстық тамақпен қамтылуы дұрыс ұйымдастырылған деп, дәмді тамақ түрлері мен тамақтағы қажетті колорияның жеткілікті екендігінде айтты. Мектеп басшысы Кембай Алипбековпен аспазшы Атабекова Күлайша апайға рақмет айтты. Ата-аналар арыз-шағым журналына өз пікірлерін қалдырды.

Дайындағын :әлеуметтік педагог А.Жанзақова