Тіліңізді таңдаңыз

Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

АПБ қызметкерлерінің қатысуымен мектеп оқушылары мен ұстаздарға арналған құқықтық түсіндіру кездесуі

Отырар ауданы білім бөлімінің «Ергөбек негізгі орта мектеп» КММ-де АПБ қызметкерлерінің қатысуымен мектеп оқушылары мен ұстаздарға арналған құқықтық түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында төмендегі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
🔹 аудан көлеміндегі интернет-алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу;
🔹 отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу;
🔹 тұрмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу;
🔹 ерте жүктіліктің алдын алу;
🔹 жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу;
🔹 нашақорлықтың алдын алу және зиянды әдеттерден аулақ болу;
🔹 буллингтің алдын алу;
🔹 өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және қиын жағдайларда көмекке жүгіну;
🔹 лудоманияның алдын алу;
🔹 электрлі самокат және мопедтерді басқару кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текст
 
Нет описания фото.