"Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде”Біртұтас тәрбие бағдарламасы” ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайтуда тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізу мақсатында 9 - сынып бойынша "Адалдық - асыл қасиет” тақырыбында әңгімелесу өткізілді. Ұйымдастырушы педагог Н. Садуахас пен тәлімгер Г, Байтасованың ұйымдастыруымен баяндама оқылып, сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ аясында слайдтар көрсетіліп, осы тақырыпта тәрбие орынбасары М. Бейсенгір оқушылармен ой бөлісті. Келешек жас ұрпақтың келеңсіз оқиғалардан аулақ болып тәрбиелі, саналы ұрпақ болып қалыптасуына атсалысайық...