Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

" Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы

“Ергөбек негізгі орта мектеп" КММ

" Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы "Балалар кітапханасы " аясында "Оқитын сынып" жобасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханашы Ж.Байысбаева .Сынып жетекші Н.Нысамбетованың ұйымдастырумен 7 - сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлігін таныту Шығармалары арқылы отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу

Оқушылардың ой-пікірін еркін жеткізуге баулу .Бүгінгі дөңгелек үстеліміз қазақ халқының қаһарман ұлы, батыр, жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегесіне арналады. «Ел намысы – ер намысы» деген ұлы ұстаным батырдың бүкіл ғұмырлық болмысы болды. Бұл сөз – тек нақыл емес, нағыз азаматтың өмірлік бағыты.

Бауыржан Момышұлы – Ұлы Отан соғысында ерлігімен елге танылған, Отанға адал қызмет етудің биік үлгісін көрсеткен тұлға. Ол үшін ел намысы – бәрінен биік қасиет еді. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп, әрбір жауынгерді ел алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге шақырды.

Бауыржан Момышұлы ер намысын тек майдандағы ерлікпен ғана емес, шыншыл мінезімен, әділдігімен, ұлттық рухты биік қоюымен қорғады. Ол жалғандыққа, екіжүзділікке қарсы болды.

1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген Ұлы Отан соғысына қатысып, Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсетті Даңқты қолбасшы, әскери стратег.1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді

Қорытындылай келе, Бауыржан Момышұлының «Ел намысы – ер намысы» деген өсиеті – мәңгілік құндылық. Елінің болашағын ойлаған әрбір жас осы сөзді жүрегіне ту етіп ұстауы керек. Батырдың ерлігі мен рухы – біз үшін таусылмас тағылым, өлмес өнеге.