Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Адал азамат»

10 ақпан Халықаралық қауіпсіз интернет күні

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген сынып сағаттары

Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ергөбек негізгі орта мектеп" КММ-де 9.02.2026 жылы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде барлық сыныптарда жоспарлы түрде сынып сағаттары өткізілді.

📌 1–4 сыныптарда

«Телефон емес – достармен ойна» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Мақсаты – оқушыларды қажетке тәуелділіктен сақтап, тірі қарым-қатынасқа, достыққа, бірлескен ойын арқылы дамуға баулу.

Міндеттері – балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, бос уақытты тиімді өткізуге үйрету.

📌 5–8 сыныптарда

«Ойынқұмарлық Лудомония» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.

Мақсаты – Оқушыларға лудомонияның (ойынға тәуелділік) мәнін түсіндіру, оның адам психикасына, денсаулығына және әлеуметтік өміріне тигізетін зиянын ұғындыру, қауіпті мінез-құлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.