Бүгін еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы басталып, мектептерде алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Бұл күн – балалық шақтан үлкен арманға бастайтын жаңа белестің бастауы, ұстаз бен шәкірт үшін ерекше толқынысқа толы сәт.
Жаңа оқу жылы барша білім саласының қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар үшін берекелі де нәтижелі болсын! Әр оқушының арманы асқақ, қадамы нық, жетістігі мол болғай!
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!