

Отырар аудандық білім бөлімінің 03.09.2026ж 184 бұйрығына сәйкес,жылғы Тілдер мерекесіне орай Ергөбек негізгі орта мектебінің "Парасат"бірлестігі бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Арын Гүлдинаның ұйымдастыруымен "Сұлу сөздің өрнегі"атты әдеби кеш өтті.Кештің мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөздің қадірін ұғындыру,әдеби шығармаларды насихаттау.Кеш барысында оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ақын жазушыларымыздың баға жетпес жырларынан өлеңдерді жатқа айтты.Сөз қадірін сезіндіретін құндылықтарымыз мақал мәтелдермен кеш соңын қорытындылады.Халық даналығын арқау етіп, ана тілімізді қадірлеудің белгісі екендігін көрсетіп рухани әсер қалдырды.











Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек негізгі орта мектеп”КММ-нің 6 - сынып оқушыларымен 04.09.2026 жыл 5 қыркүйек - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тұған күні және Қазақстан Халқының тілдер күніне орай “Тіл- достықтың дәнекері” тақырыбында сайыс сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру,тілге деген құрметін арттыру. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру,ғалымның қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау. Іс- шара барысында оқушыларға видео роликтер көрсетілді. Қазақ тілінің ұлт өміріндегі маңызы, тілдің халықтың тарихы мен мәдениетін сақтаудағы рөлі туралы мағлұмат берілді. Сайыс сабақ 4 бөлімнен құралып, оқушылар ойындарға қатысып өз білімдерін ортаға салды.























“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ
2026 жылғы 4 ақпан күні сағат 11:00-де «Заң мен тәртіп – Қауіпсіз Қазақстан үшін!» және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлының қатысуымен мектеп оқушыларына арналған тікелей эфир форматында онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Аталған кездесуге мектебіміздің 7-9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, пән мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қауіпсіздік мәселелері, интернет қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу туралы маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар алды. Кездесу оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді.
Жиналыс соңында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.