«Әжемнің шайы» – тағылым мен тәрбиенің ордасы
30 қыркүйек күні мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенді құрметтеу, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мақсатында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Әжемнің шайы» атты тағылымды кездесу өтті.
“Үш дәуір - бір отбасы” ұрпақтар сабақтастығы.
Мақсаты: ата- әже, ата- ана және немере арасындағы байланысты нығайту.
Кездесу барысында ақ жаулықты әжелеріміз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, отбасы тәрбиесі мен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы тағылымды әңгімелер айтты. Дастарқан басындағы жылы жүздесу әсерлі естеліктер мен ақыл-кеңеске ұласты.
Әжелеріміздің өнегелі әңгімелері жас ұрпаққа үлкен тәрбие мен рухани азық сыйлады. Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге ықпал етеді.
Ақ батасын беріп, тағылымды ойларымен бөліскен ардақты әжелерімізге алғысымызды білдіреміз! 









