5 қыркүйек Қазақстан РеспубликасыТілдер мерекесіне орай Отырар ауданы білім бөлімінің 03.09.2026 ж 184 бұйрығына сәйкес, Ергөбек негізгі орта мектебінің "Парасат"тілдер бірлестігі бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Мамахова Гүлмира және Арын Гүлдинаның ұйымдастыруымен 5-9 сынып аралығында "Тіл - әр халықтың байлығы"тақырыбыында шығармашылық эссе байқауы өткізілді.Эссе жазудағы мақсаты- оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қадір -қасиетін түсіну,өз ойын көркем,сауатты жазуға баулу.Байқау барысында оқушылар ана тіліміздің адам өміріндегі маңызы,ұлт болашағы, туған тілдің қадірі туралы жазды.Әр оқушы өз шығармаларында тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін ұлттық құндылығымызды атап көрсетті. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте" деген тағылымды ой әрбір жас ұрпақтың жүрегінде орнығуы тиіс екендігі жөнінде ой қозғалды.









