Ұстаз – ұлы есім! 
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді «Өзін-өзі басқару» ұйымының атынан Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен адамгершіліктің дәнін себетін аяулы жан. Сіздердің әрбір ақыл-кеңестеріңіз, берген білімдеріңіз бен төккен еңбектеріңіз – біздің жарқын болашағымыздың берік негізі.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен құрметіне бөленіп, әрдайым биік белестерден көріне беріңіздер! 
Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар! 
Ізгі тілекпен,
«Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері 






