Выберите язык

Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» тақырыбында қыздар жиналысы

«Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді»
Түркістан облысы
Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-і
Қыз бала – отбасының көркі, ұлттың ұяты, халықтың болашағы. Қазақ халқы ежелден қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, оның бойындағы инабаттылықты, әдептілікті, сыпайылық пен мейірімділікті жоғары бағалаған. «Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың тәрбиесін тұтас елдің тәрбиесімен байланыстырған.
Осы ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында мектебімізде «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында қыздар ұйымының жетекшісі Қырмызы Жаппарбекова қыз баланың қоғамдағы және отбасындағы орны, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдепті сөйлеу, өзін-өзі құрметтеу, жеке бас тазалығы мен ұқыптылықты сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы қыз тәрбиесі, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, ортаны дұрыс таңдау және жағымсыз әдеттерден аулақ болу жөнінде пайдалы кеңестер айтылды.
Қыздарға сыртқы сұлулықпен қатар жан сұлулығының маңыздылығы түсіндірілді. Себебі қыз баланың шынайы көркі – оның көркем мінезінде, білімінде, мәдениеттілігінде, қарапайымдылығы мен ізеттілігінде. Инабатты қыз – ата-ананың мақтанышы, отбасының абыройы, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі.
Жиналыс барысында қыздар өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Тәрбиелік әңгімелер мен өмірлік мысалдар арқылы ар-намысты биік ұстау, өз қадірін білу, білім мен ізгілікке ұмтылу қажеттігі айтылды.
«Қыз өссе – елдің көркі» деген халқымыздың даналық сөзінің астарында үлкен тәрбие жатыр. Бүгінгі ибалы қыз – ертеңгі аяулы ана, отбасының берекесі, ел болашағын тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан әрбір қыз өзінің бойындағы нәзіктік пен мейірімділікті, әдеп пен инабаттылықты сақтап, білімді, саналы, парасатты болып қалыптасуы маңызды.
Осындай тағылымды кездесулер қыздарымыздың ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, өзіне деген құрметін арттырып, өмірде дұрыс бағыт таңдауына ықпал етеді. Қыздың ең қымбат әшекейі – оның инабаты, ал ең жарасымды сәні – әдептілігі.
Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
 
Возможно, это изображение ‎один или несколько человек, люди учатся и ‎текст "‎Жигфрылй ပါစစ် Чытьл Арманда Тезьмдй бал Σαι Макан кеф зёе сень Камектес мыклтоо das Mlaxcam кой لة 보고‎"‎‎