Выберите язык

Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің түсіндіру жұмысы

Түркістан облысы
Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-інде оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және олардың алдын алу мақсатында Дін істер басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Әмзеев Нұрлыхан, Отырар ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әбілда Еріктің қатысуымен түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында Әмзиев Нұрлыхан теолог маман оқушыларға деструктивті діни бағыттардың негізгі белгілері, олардың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін кері әсері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде діни мазмұндағы ақпаратты таңдауда сақ болу, танымал уағызшылардың айтқан пікірлерін бірден дұрыс деп қабылдамай, ақпараттың сенімділігі мен ресми дереккөздерін тексеру қажеттігі түсіндірілді.
Маман деструктивті діни идеологияны насихаттайтын немесе күмәнді діни мазмұн тарататын тұлғалардың ықпалына түспеу жолдарына тоқталды. Діни мәселелер бойынша ақпаратты білікті мамандардан және ресми, сенімді дереккөздерден алу керектігі айтылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, теолог маманнан тиісті жауаптар алды. Түсіндіру жұмысының қорытындысында оқушыларға діни сауаттылықты арттыру, интернеттегі күмәнді діни контенттен сақтану және кез келген діни ақпаратқа сыни көзқараспен қарау жөнінде ұсыныстар берілді.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, больница, помост и текст