Мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиын барысында жаңа оқу жылындағы мектептің негізгі міндеттері, тәрбие жұмысының басым бағыттары және ата-аналармен бірлескен жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар білім алушылардың мектеп формасына қойылатын талаптары, мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың мінез-құлық мәдениеті, сабаққа тұрақты қатысуы мен кешігудің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналар мен мектеп арасындағы тұрақты байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік туралы да айтылды.
Жиын соңында ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Бала тәрбиесі мен сапалы білім беру – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті. Бірлескен жұмысымыз балаларымыздың жарқын болашағына бағытталсын!









